20.03.2026, 12:30
Оқылды: 4

Жаңақала ауданында әкім аналарға награда табыс етті

image-20-03-26-11-07.heic

Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстады. Салтанатты шараға ауданымыздың әр ауылдық округтерінен келген ардақты аналар қатысты. Іс-шара барысында аудан басшысы аналарды құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегінің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар көпбалалы аналардың ел демографиясын арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосып отырған үлесі жоғары бағаланатынын жеткізді.

Жиында ҚР Президентінің 2026 жылғы 26 ақпандағы  Жарлығына сәйкес ауданымызда 7 ана «Күміс алқа», 2 анасы «Алтын алқа» төсбелгілеріне ие болды. Мемлекеттік наградаларды табыстау сәті аналар үшін ғана емес, олардың отбасы мен жақындары үшін де ерекше қуанышқа толы маңызды сәттердің бірі болды.

Алпамыс Жаңабайұлы өз сөзінде ана – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі екенін атап өтіп, аналардың мейірімі мен тәрбиесі арқылы елдің болашағы қалыптасатынын айтып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, бала-шағаларына бақ-береке тіледі.

Шара соңында марапат иелері көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, қоғамға пайдалы, ел болашағына үлес қосатын тәрбиелі ұрпақ өсіру жолында еңбек ете беретіндерін жеткізді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале