18.10.2024, 22:00
Оқылды: 8

Жаңақала ауданында егіздер байқауы өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты Мұқыр ауылдық клубы "Егіздер – тәңірдің берген сыйы" атты егіздер арасында аудандық фестиваль ұйымдастырды.

image-18-10-24-06-24-7

Мәстексай ауылының әкімі Ержан Нағымұлының құттықтау сөзінен соң шара шымылдығы түрілді.

image-18-10-24-06-24-4

9-15 жас аралығындағы қатысушы 8 жұп "Егіздер ерекше жандар", "Өнерпаз болсаң, арқалан" және "Менің blog айдарым" деп аталатын бөлімдер бойынша сынға түсті. Шығармашылық фестивальге аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, жоғары санатты мәдениет қызметкері Нәйлә Сисенғалиева, ардагер-ұстаз Зәуреш Әбуғалиева мен Ә.Жангелдин атындағы ЖОББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдар Негаев қазылық етті.

Бір-бірінен оза шапқан егіздер қазылар алқасымен қатар көрермен көңілінен де шықты.

image-18-10-24-06-24-2

Байқау соңында әділқазы мүшелері ешкімді бөле-жармай, барлығына "Жарасымды егіздер", "Дарынды жұп", "Мәдениетті жұп", "Өнерлі жұп", "Үйлесімді жұп", "Көруге көз керек" аталымдары бойынша марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале