4.04.2025, 13:00
Оқылды: 248

Жаңақала ауданында «Junior Skills Oral-2025» чемпионаты өтті

Жаңақала аудандық жалпы білім беру ұйымдарының 9-сынып оқушылары арасында «Графикалық дизайн», «Аспаз ісі» құзыреттіліктері  бойынша «Junior Skills Oral-2025» чемпионаты өткізілді.

deb4d9cb-3300-4c2f-bf40-be2a992f3f6c

«JuniorSkills» - кәсіптік бағдар беру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау, алдыңғы қатарлы отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, WorldSkills қозғалысының құралдары негізінде оқушылардың заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеру мақсатында іске асырылатын, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттыру, іскерлік қабілеттерін дамыту, жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру мен әртүрлі мамандықтардың сан-қырлы жақтарымен іс жүзінде жақынырақ таныстыру болып табылады. Шараға барлық ауылдық білім ошақтары мен аудан орталығындағы мектептерден 11 команда қатысты. Бір күнге созылған екі құзыреттілік бойынша үш модульден тұратын сайыста оқушылар қызығушылықпен қатысты.

559f765c-67c0-4e1c-b9a5-ac87756213ce

«Графикалық дизайн» бойынша І орынды Жалғас Жанғали (Айдархан ЖОББМ), ІІ орынды Айкөркем Махмет (Пятимар ЖОББМ), ІІІ орынды Жанель Хангерей (Жаңақал ЖОББМ) иеленді.

7aa8f0c8-10d6-4751-b931-ae1f71188aab

«Аспаз ісі» бойынша І орынға Айсезім Серік (Жаңақала ЖОББМ), ІІ орынға Жалғас Халиулла (Карманов мектебі), ІІІ орынға Әминат Сағидолла (Жаңақал МГ) лайық деп танылды. Орын алған оқушылар облыстық білім басқармасының дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале