24.07.2025, 13:00
Оқылды: 96

Жаңақала ауданында “Karaoke party” өтті

Жаңақала аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен алғаш рет “Karaoke party” өткізілді.

image-24-07-25-12-42

Ашық аспан астында көрермен сүйікті әндерін орындап, ерекше атмосферада керемет кештің куәсі болды. Қариялар естен кетпес есті әндерді шырқап, жастық шақтарын еске салса, жас буын қазіргі хит әндерді жарыса айтып, кештің шырайын келтірді. Әуезді ән арқылы өз таланттарын танытты. Ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Жаздың жаймашуақ күнінде осындай игі шаралар мен көңілді кештер жалғасын таба берсін дейміз.

 

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале