29.06.2024, 11:00
Оқылды: 43

Жаңақала ауданында колледж түлектері марапатталды

Кеше Жаңақала колледжінің жас түлектеріне диплом табыстау мақсатында «Сәт сапар, жас маман» атты салтанатты шара өтті. Ауа-райының келеңсіздігіне қарамастан, алаңға жиналған бітіруші студенттер мен ата-аналар бір қатарға тізіліп, алғысхаттармен марапатталып, түлектер арасынан 2 студентке бірреттік шәкіртақы табыс етілді.

image-28-06-24-10-24-1

Сөз кезегі аталмыш кәсіптік білім ордасының директоры Самат Жәнібекұлына ұсынылып, үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас мамандар мен диплом иегерлерлеріне жылы тілегін жолдап, жарқын болашақ тіледі. Колледждің көркемдік жетекшісі Рахымжан Нұрымғалиұлы мен ұстаздары ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Есептеу техникасы және ақпараттық желілер, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу  және пайдалану, ауыл шаруашылығын механикаландыру, дәнекерлеу ісі мамандықтары бойынша барлығы 102 студентке диплом табыс етілді.

Сонымен қатар, түлектерді құттықтау үшін еркін микрофон ұсынылып, ата-аналар арасынан ізгі тілек-лебіздерін жеткізгендер де болды. Өмір жолындағы еңбек майданында еш ұтылмай, заман талабына бар білімдері мен ынтасы арқылы табыс табатын, аудан намысын асқақтататын мамандар бар деп сенеміз. Мерекелік кеш естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала аудан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале