14.07.2021, 19:40
Оқылды: 60

Жаңақала ауданында коронавирустық ахуал күрделі

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрестің жалғыз жолы - сақтық шараларын қатаң ұстану. Биылдан бастап індеттің таралуын біржола тыюға бастайтын вакциналау басталып кетті. Бұл амал коронавируспен күресімізді біршама күшейтті. Жаңақала ауданы бойынша вакцинамен егілгендер саны І компонент 3326, ІІ компонент 1957 адам. Оның ішінде  «Спутник-v», «Казковид», «Hayat-vax», «Коронавак» вакциналары бар.

A4F2665F-20FD-47E4-9CC0-F4886F6F75DB

Соңғы кезде екпе алушылар саны ұлғайып келеді. Екпе тұрғындарға профилактикалық мақсатта жүргізіледі. Әсіресе вакцинация тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті бар адамдар үшін өте маңызды. Вакцинациядан бұрын біз терапевтпен алғашқы тексеруді жүргіземіз. Толық тексерілгеннен кейін екпе салынады және ол екі кезеңде жүзеге асырылады.

Коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін аудандық емханада барлық жағдай қарастырылды. Қазіргі уақытта бұл вирустың таралуы жағынан ауданның ахуалы қиын. Күніне бірнеше адам осы вирусқа шалдығуда. Аудан тұрғындарынан коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты той-томалақ, туған күн кештеріне баруды тоқтатуларын сұраймыз. Вирустың тез таралуына себепші болмау үшін үйде отырғандары абзал. Халық бұл жағдайға салғырт қарамаса екен. Ауданда жыл басынан ауырғандар саны - 210 адам. Қазіргі уақытта  үй карантинінде - 44 адам, инфекциялық стационарда 16 адам (3 ОИА (2 жүкті әйел), 11-і Ақжайық ауданында, 2-еуі Бөрліде) бар. Осындай көрсеткіштің одан әрі ұлғаймауына бәріміз бірігіп әрекет жасайық. Қысқасы, сақтық шараларын ұмытпайық!

Сәуле Кенжеғалиева,

Жаңақала аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале