15.12.2024, 17:30
Оқылды: 234

Жаңақала ауданында қос ауыл қоныс тойын тойлады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында Жаңақала ауданына қарасты Жаңажол және Мәстексай ауылындағы әртүрлі санатпен кезекте тұрған отбасыларға жаңа баспаналардың кілті табысталды.

image-15-12-24-03-59

Жаңажол ауылынан бастау алған салтанатты шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Руслан Қонысбайұлы және мекеме басшылары қатысты.

image-15-12-24-03-59-2

Алғаш болып сөз алған Алпамыс Жаңабайұлы іргетасы мықты, Қыдыр қонған құтты шаңыраққа айналсын деген тілегін айтып, баспанаға қол жеткізген 5 отбасы иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары келер жылдары да жалғасын таба беретінін жеткізді.

image-15-12-24-03-59-1

Жаңажол ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Сұлушаш Хисиянова ауылдастарының қуанышын бөлісіп, жүрекжарды лебізін білдірді. - Отбасымыз үшін биылғы жыл жайлы, берекелі жыл болды. Өзім көпбалалы анамын, жұбайым жеке шаруамен айналысады. Күні кеше кішкентай сәбиіміз дүниеге келді, енді міне, мереке қарсаңында көптен күткен баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Өте қуаныштымын. Осы жақсылықтардың бәрі де Тәуелсіздіктің тартуы дер едім, ана ретінде дүниеге келген ұрпақтарымыз бақытты да, бейбіт күнде өмір сүрсе екен деймін. Осындай қуанышқа бөлеген аудан, ауыл азаматтарына алғысымды білдіремін, - дейді жаңажолдық Жанна Мұрадымқызы.

Заманауи үлгіде бой көтерген жаңа баспаналар – сыртқы келбеті қоңырқай тартқан ауыл келбетіне ажар бергендей. Ауылдастарының қуанышын бөлісе келген ауыл тұрғындары да дән риза. Содан соң ізгі істің сапары Мәстексай ауылында жалғасты.

image-15-12-24-03-59-6

Әдеттегідей аудан әкімі 5 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстап, жиналған жұртшылықпен бірге жаңа қонысқа бас сұғып, құтты болсын айтты. Шаңырағы шаттыққа толғандардың бірі, мәстексайлық алтын алқалы зейнеткер ана, Айман Ибетова: «Жас кезімізде көп жағдайға мән бермедік. Біраз қиындықтар да кездесті. 8 бала дүниеге әкелдім, жұбайым өмірден өтті, қартайған шағымда осындай жаңа заманға лайықты баспанаға қол жеткізгеніме шүкіршілік етемін. Жап-жарық, суы, жылуы келіп тұр, еденіне шейін жылу орнатылған», - деп қуаныштан көз жасына ерік берді.

image-15-12-24-03-59-7

Иә, бүгінде бас ауыртар басты мәселелердің бірі - баспана. Айта кетсек ағымдағы жылы Көпжасар, Жаңақазан, Қызылоба және Мәстексай ауылдық округіне қарасты Мұқыр елдімекендерінде де бірнеше отбасы жаңа баспанамен қамтылған болатын.

image-15-12-24-03-59-8

Зара Жардемова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале