16.01.2025, 14:45
Оқылды: 160

Жаңақала ауданында ұлттық дәстүр залы ашылды

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты іс-шара оздырылды.

0904e12f-596b-4e71-a8b5-ccbdf57a2808 (1)

Аудан әкімінің қолдауымен жергілікті аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа жаңадан жабдықталған  салт-дәстүрдің исі аңқып, ұлттық нақыштағы киіз үймен өрнектелген ұлттық дәстүр залының ашылу салтанаты болды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін келер ұрпағымызға  мұра етіп, ұлықтау парызымыз.  Шарада алдымен аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы сөз алып, ұрпағымызға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, осындай игі іс-шаралар жалғасын таба берсін деген ізгі тілегін жолдады.

Әрі қарай аудандық «Айзере» әжелер ансамблі кешті жандандырып сазгер-сырнайшы Ерлан Сатыбаевтың сүйемелдеуімен әсем әндерімен әуездете түсті. Аудандық мәдени-демалыс орталығының жыр-термеші Бекқали Сағынғали терме орындап көрермен қошеметіне бөленді.

Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале