5.10.2024, 12:33
Оқылды: 5

Жаңақала ауданында ұстаздар мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Кеше Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ұлылықтың ұйытқысынан жаралған ұстаздар күніне орай "Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік" атты салтанатты жиын өтті.

image-04-10-24-07-25-4

Алғашқы сөз аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлына беріліп, ел игілігі үшін аянбай тер төгіп, жас ұрпақтың жарқын болашағына үлкен үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, үлгілі мектептер мен үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдерді де атап өтті.

image-04-10-24-07-25-3

Содан соң, білімнің биігінде топ жарған ұстаздарды ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен, Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Әрі қарай, аудан әкімі бастаған мекеме басшылары ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыс етті. Шара барысында ырғақты би де, ән де болды. Бәрі, бәрі ұстаздар қауымына алғыс іспеттес. Келесі сөз кезегі білім беру бөлімінің басшысы Даниял Жұпмағанбетұлына ұсынылып, мерейлі мереке иелеріне облыстық білім басқармасының және аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапаттады. Одан кейін, сахна төріне аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жастілек Қайрекешов шақырылып, Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Батыс Қазақстан облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен және аудандвқ білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен жақсылыққа тәрбиелейтін бір топ ұстаздарды марапаттады.

image-04-10-24-07-25-2

Сонымен қатар, аталмыш мерекеге орай, мәдениет саласының үздіктерінің орындауындағы “Ұстаз - мәңгі дастан” әнінің тұсауы кесілді. Туындыны жайсаң даланың төл перзенттері Ербол Ақбасов, Рүстем Кереев, Аслан Зейнеденов, Тарас Жауымбаев сиқырлы әуезімен әрлеп жіберді. Әрі қарай, мектеп оқушылары ұстаздарға сый-сияпат жасап, шара қорытындыланды.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале