23.08.2026, 11:21
Оқылды: 16

Жаңақала ауданында жас сайлаушы азаматтық таңдауын жасады

№113 сайлау учаскесінде жас сайлаушы Ернар Серік өмірінде алғаш рет азаматтық  таңдауын жасады.

IMG_7638

Азаматтық құқығын алғаш рет пайдаланған жас тұрғын үшін бұл күннің орны бөлек. Ол елдің саяси өміріне белсене араласып, өз үнін қосты.

Ернардың айтуынша, алғаш рет дауыс беру – толқынысы мен жауапкершілігі қатар жүретін маңызды сәт. Ол өз таңдауын жасап, сайлау учаскесінен көтеріңкі көңіл-үймен шықты. Осылайша, ел болашағына бей-жай қарамайтын жас азамат бүгінгі күннің өз өміріндегі айтулы оқиғаға айналғанын атап өтті. Оған Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Өмірзақ Ақбасовтың “Күрең күз”  кітабы тарту етілді.

Аянат Садық,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале