19.12.2021, 22:42
Оқылды: 200

Жаңақала ауданының әкімі үздік ұстаздарды қабылдады

Жаңақала ауданының әкімі Дархан Закарин 4-5 желтоқсан күндері аралығында Алматы қаласында өткен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VIІI Халықаралық шығармашылық олимпиадасының І орын иегері М.Жүнісов ЖОББМ математика пәні мұғалімі Арман Ақболатұлын, сондай-ақ Жаңақала мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Қызғалдақ Қанатқызын және Жаңақала мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Нұржан Есентайұлын қабылдады.

8036B78B-3EBD-4698-906E-F3340E25BCF9

Кездесу барысында аудан басшысы Дархан Закарин жүлдегерлерді білім бәсекесіндегі жеткен жетістігімен құттықтап, алғысхатпен марапаттады. Сонымен қатар аудан әкімі А.Дүйсенғалиевті 2019 жылдағы VII халықаралық шығармашылық олимпиадада ІІ орын алғанын тілге тиек етіп, жеңісімен құттықтады.

8FE06919-2E23-4890-8CD6-BD7F6FC57A9B

- Алматы қаласында өткен олимпиадада Батыс Қазақстан облысының командасы ІІІ орынды қоржынға салған. І орын иеленген А.Ақболатұлы марапатыңыз құтты болсын. Сонымен қатар Қызғалдақ Қанатқызы, Нұржан Есентайұлы сіздерді де марапаттарыңызбен құттықтаймын. Еңбектеріңіз табысты болсын. Жастарға білім берудегі атқарып жатқан қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Ұрпақ тәрбиесі соның ішінде оларға білім беру біріншіден ата-ананың, екіншіден сіздердің бірден-бір қызметтеріңіз. Осындай жолда қызмет жасап, додаларға қатысып, үлкен жетістіктерге жетіп жатқандарыңызға біздер қуаныштымыз, - деді аудан басшысы Д.Закарин.

4BF54AEF-E9F2-4E6D-A5EC-A6F7238E8D4C

- Ұстаз жетістігі – мектеп мәртебесі. Осы орайда облыс намысын қорғап, Алматы қаласында өткен шығармашылық конкурста жүлдегерлер қатарынан көріндім. Бұл мен үшін биік белесті бағындырудың бастамасы ғана деп есептеймін. Алдағы уақытта оқушылармен тығыз жұмыстанып, ауданымыздың мерейін әлі де үстем етпек ойдамын, – деді Арман Ақболатұлы.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале