20.09.2024, 16:16
Оқылды: 60

Жаңақала ауданының архивінде ашық есік күні өтті

Бүгін Жаңақала ауданының архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты республика деңгейінде өтіп жатқан бағдарлама аясында ашық есік күні өтті.

AC2E0985-889F-4FD5-BEA7-EF3F103993A9

Архив – өткенді қазіргімен, бүгінгіні болашақпен байланыстырудың көзі. Себебі мұрағатта елдің, жекелеген аймақтың одан әрі дамуына ықпал ететін белгілі бір тарихи мәліметтерді растауға болады. Архивтік құжаттарды насихаттау бойынша қандай да бір іс-шаралар өткізіп, біз өткенді пайдалана отырып, оны болашақ ұрпақтың игілігі жолында одан әрі дамыту үшін қолдана аламыз.

ED99B9E3-3AD2-480F-8C41-039F48865B69

Аудандағы шара «Жеке тектік қор – ұрпақ игілігіне» атауымен өтті. Кештің алғы сөзін Жаңақала ауданының архив басшысы Гүлбарам Өтеуқызы алып, бағдарламаның басты мақсат-міндеті келешек ұрпақтың ата-бабасының өткенін білуіне, архив құжаттарын пайдалана отырып, туған жердің тарихын зерттеуге деген көкірек көзін оятуға бағытталғаны жөнінде ой өрбітті.

Әрі қарай мұрағатшы Забира Қанатқалиқызы жиылған аудандық колледж студенттері мен мектеп оқушыларына мұрағатшы мамандығының атқаратын қызметі мен қоғамдағы маңыздылығы жайында, күрделі тұстары мен қызықты жағдаяттарын айтып, болашақта зерттеу саласына қызығушылық танытатын шәкірттерді, осы салада еңбек етуге шақырды.

6C06D3FF-DE98-4076-80CF-078875119A97

Одан кейін ауданның тарихына үңілген мұрағат қызметкері Үміт Амангелдіқызы жастарға бандамама жүргізді. Шара соңында мұрағат басшысы құжаттардан жасалған көрмедегі өңір тарихының рухани, мәдени ақпараттарымен таныстырып, архив мекемесі ішіне қатысушылармен шағын саяхат жасап, қызметкерлердің атқарып жатқан жұмысын көрсетті.

Фариза Эдикқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале