19.12.2024, 17:00
Оқылды: 189

Жаңақалада ала доп шеберлері бақ сынап жатыр

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының мәдениет мекемелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан дәстүрлі облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

3c56a354-6319-45ea-9511-f8e1df277d3d

Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, қатысушы топтар ортаға шақырылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, Ақжайық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Руслан Бірлесұлы, Ақжайық аудандық халықтық ұлт аспаптар оркестрінің концертмейстері Қанатқали Оңғаров, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Мұхит Сисенов, аудандық «Жастар» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қонақтар қатарынан табылды.

Сөз алған Ақнұрлы Нұрғалиқызы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін жолдады.

2e2d5d04-a3de-46d2-9980-a3f260015215

Әрі қарай үлгілі «Гүлдәурен» би ансамбілінің (жетекшісі Элеонора Валиева) көркемдеуімен Ақерке Ғабдуллина мен Меңдігүл Иманәлиеваның орындауында «Спорт» әні шырқалды.

Қатысушы алты команда жеребе суырып, дайындықтарын бастады.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале