13.06.2024, 23:53
Оқылды: 167

Жаңақалада «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері марапатталды

Бүгін Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік саябағында» мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатына орай «Білім бәйгесінің Мемлекеттік емтиханның қорытындысымен аудан бойынша 10 оқушы «Алтын белгі» иегері, 17 түлек үздік аттестат иегері атанды.

image-13-06-24-10-55-6

Шара барысында 2023-2024 оқу жылының үздік түлектері мектеп директорларымен бірге қарсы алып, ҚР Гимні орындалды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов, ардагер ұстаз Рая Апақаева және ауданымыздың білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар қатынасты. Алғашқы сөз кезегі Алпамыс Көшкінбаевқа беріліп, барша мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, оқушылар мен ата-аналарына алғысхат табыстап, білім бәйгесінің биігінен көрінген аудан мақтаныштарына салтанатты түрде куәліктерін тапсырды.

image-13-06-24-10-55-4

Әрі қарай, Жаңақала мектеп-гимназиясының домбырашылар ансамблі (жетекшісі Гүлбар Шуақбаева) «Нәр ағашы» күйін күмбірлете орындап, аталмыш білім ордасының бір топ бишілері «Гүл дала» биін мың бұрала биледі. Ата-аналар атынан Қуанышбек Нұрлыұлы болашағынан мол үміт күттіретін мектеп түлектерін құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Алтын белгі» иегері Әлихан Айтқалиевке сөз кезегі ұсынылып, білім ошағында тәлім берген барша ұстаздарына алғысын білдірді.

image-13-06-24-10-55-2

«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген қазақ мақалына сай, ауданның құрметті азаматшасы, ардагер ұстаз Рая Қайратқызы жас жеткіншектерге ақ батасын беріп, үлкен белестерді бағындырып, жақсы маман иесі болуларын тіледі.

image-13-06-24-10-55

Мерекелік кеш соңы Баян Қажиетқызы жетекшілік еткен бір топ оқушылардың «Жасай бер, Жаңақала» әнімен қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале