14.03.2023, 16:45
Оқылды: 1

Жаңақалада Амал күні тойланды

Бүгін Жаңақала ауданы орталығындағы Достық алаңында 14 наурыз – Амал мерекесіне арналған «Көрісу айт – ынтымақ пен берекенің бастауы» атты мерекелік шара өтті.

наурыз жанакала (7)

Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әр отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарқанын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарқанға жылы-жұмсағын қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі.

наурыз жанакала (6)

Алаңға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ақшаңқаң киіз үй тігіп, мерекелік дастарқан жайды.

«Көрісу» мерекесін асыға күткен ауыл халқы құрылған киіз үйлердегі ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, амандық-саулық сұрасты. Аудандық «Jastar» спорт клубы ұлттық ойындар ұйымдастырды. Концерттік бағдарлама Халықтық «Сымбат» би ансамблінің «Шолпан қыз» биімен ашылды. Бір топ өнерпаз сахна төріне шығып көрініс көрсетсе, Халықтық «Айзере» әжелер ансамблі «Дүние ай» әнін шырқады. Аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, бірі халық әндерін, бірі патриоттық әндерді көрермен назарына ұсынды. Ән-жыр айтылып, ауылдың бүлдіршіндері ата-әжелерге көрісіп, үлкендердің баталарын алды.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

наурыз жанакала (4) наурыз жанакала (5) наурыз жанакала (1) наурыз жанакала (3) IMG_9160 IMG_9179

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале