“AMANAT” партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшылық қызметіне Шарафутдин Қуаныш Серікұлы тағайындалды.
Жиынға “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов, БПО төрағалары қатысып, қызметіне сәттілік тіледі. Содан Соң “Қисық-қамыс” БПҰ мүшелерімен ашық кездесу өтіп, алдағы жоспарланған партиялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Қуаныш Серікұлы 1980 жылы 3 қазанда Атырау облысында дүниеге келген.
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде экономист-бухгалтер мамандығында білім алған.
Алғашқы еңбек жолын 2002 жылдан 2008 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы,
2008 жылдан 2012 жыл аралығында Батыс Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы,
2012 жылы Батыс Қазақстан облыстының әкімі аппаратының бас инспекторы,
2012 жылдан 2016 жыл аралығында Батыс Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы,
2016 жылдан 2018 жыл аралғында Батыс Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары,
2018 жылдан 2020 жыл аралығында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары,
2020 жылдан 2021жыл аралығында «Шаг Групп Корпорациясы» ЖШС директоры,
2021 жылдан 2022 жыл аралығында «Ақжайық» ӘКК АҚ жер қатынастары және құрылыс департаментінің директоры,
2022 жылдан қазіргі күнге дейін “Шаг Групп Корпорациясы” ЖШС директоры қызметін атқарған.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz