Ел халқының елеулі бөлігі ауылдық жерлерде тұртынын ескерсек, ауыл шаруашылығын дамыту – мемлекет стратегиясының негізгі басым бағыттарының бір болып табылады. Үкімет тарапынан тұрақты түрде тиімді бағдарламалар арқылы ауыл тұрғындарына қолдау көрсетілуде.
Осыған орай бүгін Жаңақала ауданында кезекті апта жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ауылдық округтерден, аудандық жеке кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынды. Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс сияқты тауарлар қолжетімді бағада сатылды.
Халық сәтті сауда жасап, керекті өнімдерін тиімді бағада алды.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz