31.05.2025, 9:00
Оқылды: 151

Жаңақалада «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтті

Кеше Жаңақала ауданында тұрғындармен тікелей қарым-қатынасты нығайту, өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтті.

image-30-05-25-07-51-1
Қабылдауға аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев бастаған бірқатар жауапты тұлғалар қатысты. Олардың қатарында аудан прокуроры Қанабіл Төремұатов, жеке сот орындаушы Жанна Кеңесова, БҚО адвокаттар алқасының адвокаты Аслан Еслямғалиев, нотариус Гүлбаршын Еслямғалиева, ауыл әкімі Ақан Қапанов және тиісті мекеме басшылары болды.

image-30-05-25-07-51-4

Қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан әртүрлі мәселелер көтерілді. Жеке мәселе бойынша – 3 адам, тұрғын үй мәселесі бойынша – 2 адам, жұмысқа орналасу жайында – 1 адам, өзіндік қосалқы шаруашылыққа жер сұраған – 1 адам және жер мәселесімен – 1 адам қабылдауда болды.

image-30-05-25-07-51-5

Тұрғындар көтерген мәселелерге орай жауапты мекеме басшыларымен бірге нақты шешу жолдары қарастырылып, әрбір өтініш бойынша тиісті сала жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Бұл – билік пен халық арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале