12.09.2024, 16:15
Оқылды: 111

Жаңақалада әскери басқару органдарының күні аталып өтті

Бүгін Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Жергілікті әскери басқару органдарының және «Әскерге шақырушылар күніне» орай мерекелік шара өтті.

F5073655-A0DA-4088-B97D-8EDD582E2D6F

«ҚР Қарулы Күштерінің кәсіби және естелік күндерін белгілеу туралы» ҚР Қорғаныс Министірінің 2022 жылғы 18 шілдедегі №534 бұйрығы бойынша 12 қыркүйек жергілікті әскери басқару оргындарының күні болып белгіленді.

Жиынға аудан әкімі орынбасары, еңбек ардегері, тәжік-ауған соғысы ардагерлері және әскерге барып келген сарбаз қатысты.

D423134E-61B8-4D6B-A8E5-12FADCF57D92

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы сөз алып, ұжымда төл мерекелерімен құттықтады. Әрі қарай мерекеге орай ұжымдағы ерен еңбектері үшін әскерилерді аудан әкімінің алғысхатымен марапаттады.

3AF18631-3DC6-426E-AE5B-D77453913C21

Аудандық қорғаныс істер жөніндегі басшы Азамат Хамитұлы әріптестерін мерекемен құттықтап алғысын білдірді. Аудандық мәдениет үйінің әншілері кешті әнмен әсемдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аруғаным Қазиева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале