29.08.2024, 21:30
Оқылды: 110

Жаңақалада аудандық мәслихат депутаты «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

F2479BA5-BFA0-4FD9-A653-CCBA5788F034
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған, тұрмысы төмен отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы аясында Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Саламат Серікұлы өз сайлау учаскесінде орналасқан жатақханалардың 15 тұрғыны мен Сарыкөл елдімекеніндегі екі оқушыға қаржылай сертификат табыстады.

Материалдық қолдауға ие болған оқушылар аудан орталығында орналасқан кеңсе тауарлары дүкенінен жаңа оқу жылына қажетті мектеп  құралдарын алады.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале