15.02.2024, 22:58
Оқылды: 77

Жаңақалада Ауған соғысы ардагерлері құрметіне концерт өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG_1092

Кеш қонақтары алдымен аудандық кітапхана ұжымының мәдениет үйі фойесінде арнайы жасақтаған кітап көрмесімен танысқан соң көрермен залына орналасып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін қосыла шырқады. Кейін сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар өз құттықтауын жолдап, жерлес ардегерлерге, атап кетсек, Дастан Төлегенов, Самат Шәутенов, Ерболат Ибрашев, Эльдар Валитов, Серікқали Тілешов пен Берік Жәрдемовке «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Салтанатты шарада аудандық әскери патриоттық әндер байқауының жүлдегерлері Махамбет Нұрахметов, Мұрағат Бекенов және Рита Даутова өнер көрсетті.

IMG_1134

Сондай-ақ «Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер!» атты жүрек тебірентер поэтикалық композициясы қойылып, өнер ордасының үлгілі «Нұрбибі», «Гүлдәурен» би ұжымдары, домбырашылары мен әншілері және мектеп оқушылары қатысып, көрермен көңілінен орын тепкен  әсерлі кеш Жанболат Мұсағалиев пен Анита Қанатованың орындауындағы «Елім менің» әнімен қорытындыланды.

IMG_1169

Айзада Ақбасова, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале