22.01.2025, 23:00
Оқылды: 5

Жаңақалада ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Бүгін Мастексай, Жаңақазан, Жаңажол ауылдық округтерінде аудан әкімінің орынбасары Ерлан Кажиевтің қатысуымен округ тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

1

Шараға мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәурен Жарасов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Жаңақала аудандық филиалдың басшысы Гариб Асханбаев, «Мансап» орталығының директоры Аслан Уразалиев, аудандық ветеринарлық инспекциясының басшысы Еділхан Жукеев, «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының басшысы Қуаныш Шарафутдин қатысты.

Жиында шаруа қожалықтардың субсидия алу үшін шарттары мен талаптары, «Ауыл аманаты» жобасына қатысу талаптары мен шарттары, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында шаралар бойынша және мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Жұмыс орнын ашу, әлеуметтік төлемдер, Қысқа мерзімді оқыту, Әлеуметтік жұмыс орны, «Жастар» практикасы, «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты», Алғашқы жұмыс орны, Қайтарымсыз гранттар, 35 жасқа дейін қайтарымды негізде берілетін шағын несие, қоғамдық жұмыс, мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындары жобасы бойынша талаптары түсіндірілді. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып жауаптарын алды.

Сыйлыхан Жұмасалық

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале