29.05.2025, 0:00
Оқылды: 191

Жаңақалада балаларға арналған мерекелік шара өтті

Бүгін «Балалар – әлемнің бақыты» деген атаумен Жаңақала аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара өтті.

image-28-05-25-11-01-10

Мекеме ауласында тақырыпқа сай көркем безендірілген ертеңгіліктің шымылдығын кабинет басшысы Айгүл Әлмаратқызы ашып, құттықтау сөз кезегін аудан әкімнің орынбасары Руслан Ғұмарға ұсынды.

image-28-05-25-11-01-2

Шара барысында балдырғандар «Қуыршақ», «Біз бақытты баламыз» әндерін шырқап, «Сәйгүлік», «Қазақстан» биін керемет орындады. Сондай-ақ ұстаздарымен қосыла ұлттық нақышта жүн сабап, сан түрлі аспапты шертіп, үлкен қошеметке бөленді.

image-28-05-25-11-01-1

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналаған балақайлар да өз рөлдерін шебер алып шықты.

image-28-05-25-11-01-12

Ата-аналарымен “Жануарларды тамақтандыр”, “Жемістерді боя” секілді қызықты ойындар ойнап, мәз-мейрам болды.

image-28-05-25-11-01-9

Ертеңгілік соңында барлық балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Ата-аналар ұжымға ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін аямады.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале