Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 1 қаңтардағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, әлеуметтік қызмет порталын енгізу жоспарын жүзеге асыруды іске асыру жөнінде жиын өтті.
Онда аталмыш бөлім басшысы Еркін Базарғалиұлы сөз алып, бағдарламаның тиімділігіне тоқталды.
-Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді қамтиды-, деп бастады ол әңгімесін.
-Арнаулы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметтері жатады. Бүгінгі күні аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Бұл процедураларды жүргізудің ұзақтығына байланысты қызметтер алуға мүгедектік күнінен бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін. Мүгедектігі бар адамдар тендер жүйесі оларға мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтады. Жыл сайын қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың нашарлауына шағымдануда. Бұл арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ портал қызметтер мен оңалту құралдарын алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді. Өйткені мүгедектігі бар адамдар тауар мен қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Сонымен қатар өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» презентация бөлімінің консултьтанты Нұржауған Аспанбетованың айтуынша, порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» қағидаты арқылы уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер туралы ақпаратты, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді екен.
Жиналғандар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап та алды.
Шыңғыс Ромашев
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер