25.06.2020, 9:51
Оқылды: 26

Жаңақалада да қордың қолдауын көргендер бар

Еліміздегі пандемиямен күресте халыққа азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттармен көмектесіп, қолұшын созғандар саны күн санап артып келеді.

71F1D679-6FC7-44EA-84DC-5D130553C429

Сондай-ақ "Германия Қызыл кресті" қорының демеушілігімен "Қазақстан Қызыл Ай" қоғамының да ел арасында беделі бөлек екені мәлім. Осы тұста "Қазақстан Қызыл Ай" қоғамы облыс бойынша 100 отбасыға гуманитарлық қолдау көрсеткенін айта кеткен жөн.
CA4CC7F3-FCC0-43DE-B8A6-E44EB71A7780
Қайырымдылық қордың мақсаты - халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына, жалғызбасты аналарға, асыраушысынан айырылған зейнеткерлерге, мүгедек азаматтарға, көпбалалы отбасыларға, ата-анасынан ерте айырылып, қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету. Бұл бағытта ауданымыздың аз қамтылған 5 отбасына да қолдаудың игілігін көру бұйырды.  

92FF2C61-BC48-49E3-9AEC-0038E5143E71

"Қазақстан Қызыл ай" қоғамдық бірлестігінің ауданымыздағы өкілі Айнагүл Сағынова қайырымдылық қорынан келген азық-түлік пен гигиеналық құралдарды жаңақалалық 5 отбасыға үлестірді.

Ақсәуле Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале