4.06.2026, 10:45
Оқылды: 59

Жаңақалада елдіктің нышандарына құрмет көрсетілді

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Жаңақала мектеп гимназиясы алаңында салтанатты жиын өтті.

image-04-06-26-10-10-4 (1).heic

Шарада мемлекеттік Гимн орындалып, көк Туымыз тұғыр биігіне көтерілді. Мемлекеттік Туды көтеру құрметі  аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен аудандық  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы,  облыстық, республикалық, халықаралық самбо және қазақ күресінің жеңімпазы Ерасыл Ахметовке ұсынылды.

image-04-06-26-10-10-3 (1).heic

Бөлім  басшылары мен мекеме қызметкерлері қатысқан салтанатты рәсімде Алпамыс Жаңабайұлы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен тұтастығын білдіретін қастерлі құндылықтар екенін атап өтті. Сондай-ақ ол көк байрағымызды құрметтеу – әрбір азаматтың парызыекенін айтып, барша тұрғынға бірлік пен береке тіледі. 

image-04-06-26-10-10-2.heic

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің әншісі Қуанышбек Айдарбековтың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале