8.11.2022, 21:41
Оқылды: 57

Жаңақалада есептік кездесулер жалғасуда

Жаңажол, Мәстексай және Жаңақазан ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы тоқсандық есептері баяндалды. Есептік жиынға Дархан Закарин, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мэлс Нагимов, Жаңақала аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Асылан Қанатұлы, аудандық электр торабының басшысы Сатжан Габдуллин және ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20221108-WA0247

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Дархан Әмірханұлы округ әкімдерінің атқарылған жұмыстарына бағасын беріп, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және іске асыру жөнінде өз пікірімен бөлісіп, қойған сауалдарға заң талаптарына сәйкес жауап берді. Одан соң жиын барысында ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажы мен өтініштері бойынша бірқатар түйінді мәселелер талқыланды. Аудан тұрғындарының қозғаған бірнеше мәселелері айтылды.

IMG-20221108-WA0249

Соның ішінде кірме жолдар құрылысының бірнеше жылдарға созылуы,  электр жарығының жиі өшуі, көл суының жеткіліксіздігі, тұрғын үй,  жұмыссыздық, бағаның тұрақсыздығы, такси бағасының өсуі.

Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдады.

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале