26.11.2020, 11:14
Оқылды: 151

Жаңақалада «Имани күз» білім сайысы өтті

Жақында  Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Санатұлының бастамасымен  «Имани күз» атты шәкірттер арасында білім сайысы болып өтті.

IMG-20201126-WA0008

Рухани шараның мақсаты асыл дінімізді қастерлеп, Құран-кәрімнің сүрелерін жатқа және мәнерлеп оқу, қазақтың салт-дәстүрінен сұрақ-жауаптар болды.

Білім сайысында І орын Ибрахим Қанатұлы, ІІ орын Абдуррахман Азаматұлы, ІІІ Сәлсәбил Бекболатқызына бұйырды.

IMG-20201126-WA0011

Білім сайысында  төрелік еткендер мешіттің наиб имамы Алтынбек Болатов  пен молда Аманат Тілекқабылұлы шәкірттердің білімін саралап, әділ бағасын беріп, арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале