10.09.2024, 18:00
Оқылды: 125

Жаңақалада комиссия отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімінің үлкен мәжіліс залында комиссия отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы ашып, күн тәртібіндегі үш мәселе таныстырылды.

68B44FAC-255C-45EA-A2B8-80D2F9EE96A2

Жиынға аудандық білім беру бөлімінің мамандары, мектеп мұғалімдері мен директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Алғашқы баяндаманы аудан прокуроры Қанабіл Мұратұлы баяндап, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айта келе, мектеп жасында болатын келеңсіз оқиғалар мен есірткі қылмысының құрбандары туралы да тоқтала кетті.

60B672FA-C44F-4D17-A2ED-1FEF0407F1CC

Әрі қарай әр балаға жауапты ата-ана, психолог, мекеме басшысы екенін айтып, мектеп қабырғасында өткізілетін тәрбие сағаттары мен кездесулердің сапалы жүзеге асуын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, жеткіншектер арасындағы жыныстық қатынас, жасырын түрде түсік тастау фактілерінде қатаң бақылауда ұстау керектігі айтылды. Алдағы уақытта білім ошақтарын аралап, тәрбие сапасын тексеруге жұмыстанатынын айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша полиция майоры Алихан Темірханұлы өз баяндамасын оқыды. Алихан Ізбановтың айтуынша, аудан бойынша барлығы 20 мектеп бар, оның 14-і орта білім беретін мектептер. Осы жылы жасөспірімдер арасында бопсалау фактілері болмаған. Бір суицид оқиғасы Мастексай ауылында тіркелді.

A8EBA7B6-2B6D-4484-ABC5-E4BC29413CEC

Әрі қарай ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігі туралы Аслан Еслямғалиев баяндап, бала тәрбиесіндегі ана мен әкенің алатын рөлі туралы жіті тоқтала кетті.

Жиын соңында жиналғандар арасынан сұрақтар қойылды. Расында да мектеп жасындағы әр баланың өзіндік бір мінезі, қабілеті бар. Назардан тыс ұстамай, барынша көңіл бөлуге, уақыт арнауға тырысқан дұрыс.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале