9.05.2024, 16:56
Оқылды: 48

Жаңақалада майдангер ұстазды еске алды

Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылында Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында ҰОС ардагері, еңбек ардагері, майдангер ұстаз Ишанғали Абуғалиевті еске алуға арналған ізгілікті шара өтті.

image-09-05-24-12-58-4

Ишанғали атамыздың ұрпақтары жиналып, ардагер тұрған үйінің тұсына ескерткіш тақта орнатты. Тақтаның ашылуына ардагердің ұрпақтары, ауыл тұрғындары қатысты. Алғаш болып сөз алған еңбек ардагері Фазыл Сапаров ыстық ықыласын білдірсе, ауылдық округ әкімі Нұрбол Серікұлы ардагердің ұрпақтарына алғыс айтып, Жеңіс күнімен құттықтады. Білім беру ісінің үздік қызметкері, ардагер ұстаз Әдемі Мақымғалиқызы да тілегін жолдап, аға буын болған Ишанғали атаның мұғалімдік еңбек жолын атап өтті.

image-09-05-24-12-58-1

Шараны аудандық мәслихат депутаты Азамат Бақиев тізгіндеп, жиылған жұртты майдангердің өмірбаянымен таныстырды. Шара соңында Ишанғали атаның ұрпақтары Сенбі мен Шахидолла Ишанғалиұлы сөз сөйлеп, әкелері туралы ыстық естеліктерімен бөлісіп, елге алғыстарын жаудырды.

image-09-05-24-12-58-3

Қан майданда ерлікпен шайқасып, соғыстан кейінгі жылдары қалған ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған майдангер ұстаздың өнегелі өмір жолын ешкім ұмытпақ емес.

image-09-05-24-12-58

Азамат Ерсұлтанұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале