7.02.2020, 11:52
Оқылды: 49

Жаңақалада мектеп асханалары тексерілуде

Жаңақала ауданында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы аясында эксперттік топ құрылды.

janaqala ashana (1)

Құрамында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Рухолла Саматов, мектептің қорғаншылық кеңесінің төрағасы Талғат Жанболатов және ата-аналар комитетінің төрағасы мен БАҚ өкілдері бар эксперттік топ Жаңақала мектеп-гимназиясына барып, асханасының жай-күйін тексерді.

Аталмыш мектепте 1-4 сынып (177 оқушы) оқушыларымен қатар, мемлекеттік атаулы көмек алатын, толық емес, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, яғни әлеуметтік жағдайы төмен 106 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

janaqala ashana (3)

Тексеру тобы жаңа мектептің асханасындағы құрал-жабдықтардың стандартқа сай екеніне және аспаздар мен тамақтанушыларға барлық жағдай жасалғандығына көз жеткізді. Әйтсе де, тексеріс барысында мектеп аспаздары асханаға электронды қол кептіргіш пен ыдыс кептіргіштің керек екенін айтса, мектеп директоры Лариса Тұрарқызы қол жуғыш крандар істен шығып тұрғандарын көрсетіп, алдағы уақытта аудандық білім беру бөлімі бұл мәселені шешетінін тілге тиек етті.

Ал эксперттік топтың мүшесі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Рухолла Саматов алынатын тағамдардың құжаттарын тексеру барысында сапа куәлігінің заңға сәйкес еместігін анықтап, сын ескертпе айтты.

Гүлжанат Қуаныш

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале