31.05.2021, 11:29
Оқылды: 127

Жаңақалада мешіт жанынан асхана ашылды

Жаңақала халқы көптен күткен қуанышты күннің куәсі болды. Аудандық мешіт жанынан салынған асхана құрылысы аяқталып, ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы, ардагерлер, асхана құрылысына атсалысқан ауыл азаматтары және БАҚ өкілдері қатысты.

193112662_2892786800939905_826059719571142784_n

Аудандық мешіттің наиб имамы Алтынбек Мағауияұлы құран оқып, БҚО бас имамы Бақытжан Сабралиев дұға жасап, ізгі тілегін жолдады.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтау сөз сөйлеп, асхана құрылысына көмектескен жанашыр жандарға, кәсіпкерлерге, мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді.

- Халқымызда: "Аллаға жағамын десең азанды бол, халыққа жағамын десең қазанды бол" деген жақсы сөз бар. Аллаға жағатын, 5 мезгіл азан шақырылатын мешітіміз бар. Сол мешіттің қасынан халыққа салынған қазаны көтеріліп, асы дайындалып тұратын асхананың салынуы Аллаға да, халыққа да ұнамды іс екені баршамызға белгілі. Осындай істің қасында жүрген барлық азаматтарға Алла разы болсын дегім келеді. Аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы қолдап, ауыл ақсақалдары баталарын беріп, елім үшін дейтін азаматтар қолға алған іс орайын тауып, ел игілігіне асхана салынып біткен екен. Бұндай асхана облыс көлемінде ашылып жатқан үшінші асхана. Сіздің аудан алдыңғы үштікте тұрсыздар. Облыстық мешіттің атынан, облысымыздың мұсылмандары атынан шынайы алғысымды білдіремін. Шаңырақтарыңызға шаттық, істеріңізге береке берсін!- деді облысымыздың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы.

191881597_2892801990938386_8145678872631563103_n

Одан кейін Б.Құралбайұлы игі іске жәрдемдескен азаматтарға алғыс хат табыстады.

Асхананының лентасы қиылып, қонақтар жайылған дастарқаннан дәм ауыз тиді. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Рашидұлы ізгі ниетін білдіріп, аудандық мешітке естелік сыйлық табыстады. Алланы мадақтап, рухани әңгіме айтылған жиын көпшіліктің есінде қалары сөзсіз.

 

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале