2.03.2023, 18:00
Оқылды: 11

Жаңақалада нәзік жандыларға арналып шара ұйымдастырылды

Бүгін Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде «Бақыттың кілті» атты шара өтті. Іс-шараға мектеп директоры Бегайым Есенғалиева, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ақмарал Сапарова, кеңес мүшесі Сәуле Төлепова және оқушы қыздар қатысты.

88C4E8D7-D786-4DB7-92AB-7FF3BE26142C

Алдымен Б.Төлеуғалиқызы барша нәзік жандыларды көктемнің алғашқы күні 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Кеш жүргізушісі Бекзат Бақтығұлова келесі сөз кезегін А.Аманқызына ұсынып, «өзіңізді бақыттымын деп санайсыз ба?» деген сауалын жолдады. А.Аманқызы өзі қызмет еткен білім ордасының ұстаздарымен, оқушыларымен амандасып, ізгі тілегін білдіріп, қойылған сұрақ төңірегінде «шүкір» деп жауап қатты. Сондай-ақ шара барысында өміріндегі қызықты да әсерлі оқиғаларымен бөлісті.

350332FF-A029-4EE2-B4DD-6708C8F8320C

Содан соң қатысушылардың ойын білу мақсатында «бақыт деген ұғымды қалай түсінесің?» деген сауалға өз ойларын ортаға салды. Тақырып көлемінде шағын бейнебаян көрсетіліп, «Бақыт кемесі» атты ақ параққа өміріндегі түрлі жағдаяттарды жазып, ішкі толғаныстарымен бөлісті.

Мектептің ұйымдастырушы педагогы Жанар Шуйкина «Бақыт деген» әнін орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұстаз Зарема Қатепова Қадыр Мырза Әлидің «Бақыт» атты өлеңін нақышына келтіре оқыды.

DFE803B8-89B1-4CEC-939D-5B0281E83024

Жиын соңында А.Сапарова аудандық әйелдер кеңесі жұмыс жасап жатқанын, кез-келген уақытта келіп жолығуға болатынын ескертіп, ұстаздарға және мектеп кітапханасына жерлес ақын З.Сисенғалидің «Сөйлейді уақыт» атты кітабын сыйға тартып, естелік суретке түсті.

Нұргүл Дүйсенбаева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале