10.10.2024, 16:00
Оқылды: 9

Жаңақалада облыстық кәсіби шеберлік байқауы қорытындыланды

Бүгін Жаңақала колледжінде техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында «Жеңіл автокөліктерді жөндеу» құзіреттілігі бойынша өткен облыстық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.

b52d828c-c0f2-4d45-9d1c-05f42cd6f35e

Екі күн бойы өткен сайыста өңірлерден жиналған жеті маман бес кезең бойынша бақ сынап, жеңіске жету жолында бар білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Жеңімпаз қатысушыларды құттықтап, марапаттау үшін алғы сөз БҚО облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Жанар Сәбитқызына берілді.

d3f9b52a-3959-4d9f-bd47-f6a915c5b51a

Байқау нәтижесі бойынша топ жарып, бірінші орынды жаңақалалық Манар Маратұлы иеленсе, екінші орынды «Орал политехникалық колледжі» оқытушысы Талғат Темірболат еншілеп, «Бөрлі колледжі» маманы Рамазан Базарбаев қанжығасына үшінші орынды байлады.

Шараның қорытынды сөзі колледж басшысы Самат Жәнібекұлына беріліп, барлық қатысушыларды құттықтап, естелікке аталмыш оқу орнынан сыйлықтар табыстады.

Қараша айында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде жерлесіміз облыс намысын қорғайтын болады.

Фариза Эдикқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале