30.09.2024, 23:00
Оқылды: 112

Жаңақалада «Ойна, шырқа, окрестр» деген атауман сазды кеш өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығына ат басын бұрған мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестірі «Ойна, шырқа, оркестр!» атты концерттік бағдарламасымен қуантты.

IMG-20240930-WA0102

Кеш тізігінін ұстаған Дәулеткерей Құсайынов ән мен күйдің керуенін бастап, сөз саптауы мен ойын еркін жеткізуі көрерменді бір серпілтті. Сондай-ақ, дирижердің сүйемелдеуі мен өзін-өзі ұстауы дүйім жұртты мың толғантты. Өнер майталмандары кешті әрмен қарай әрлеп, ел көңілінен шықты.

IMG-20240930-WA0101

Айта кетейік, даналар салған сара жолды дәріптеп жүрген аталмыш орталық өнерпаздарының аудан орталығына деген бірінші сапары емес, жиылғандардың да сағына қауышқандары байқалды. Игі шарада орындаушылардың бір қалыпта сазды кешті әсерлі етуі шоқ гүлдермен сахнаға көтерілген өнер жанашырларынан-ақ байқалып тұрды. Жиын барысында, күй өнеріне лирикалық реңк беретін дәстүрлі қазақ әндері шырқалып, біртуар тұлғалардың өмірбаяны мен тарихы туралы сыр шертілді. Кеш соңында, аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы сөз сөйлеп, аудан әкімі атынан ықылас гүлін табыс етіп, жиналған жұртшылықтың атынан өз алғысын білдірді.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале