Бүгін «Қыс-2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы аясында Жаңақала ауданының азаматтық қорғау қызметтері сапқа тұрғызылды.
Автокөлік жолдары мен көпір қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, хабарлау және байланыс қызметі, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, медициналық қызмет, радиациялық және химиялық қызмет, өртке қарсы қызмет, инженерлік қызмет, сауда және тамақтандыру қызметі, ақпараттық қызмет бой түзегендердің қатарынан табылды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының м.у.а Қайрат Мағзомов мән-жайды толығымен түсіндіргеннен кейін, азаматтық қорғаныс басшысы Айдар Қанатқалиұлы барлық мекеме мен кәсіпорындардың қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларға дайындықтарын тыңдап, әр іске жауапкершілікпен қарауды, оқыс жағдайларға жол бермей қыс кезеңін ұйымшылдықпен өткізуді тапсырды.
Алдын-алу дайындығы пысықталып, техникалар мен құрал-жабдықтар тексерілді.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы