Бүгін Жаңақала ауданы орталығындағы ет комбинаты алаңында су тасқынына дайындықты пысықтау мақсатында ауданымыздың Азаматтық қорғау қызметкерлері сапқа тұрғызылды.
Автокөлік жолдары мен көпір қызметі, қоғамдық тәртіп сақтау қызметі, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, хабарлау және байланыс қызметі, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, медициналық қызмет, радиациялық және химиялық қызмет, өртке қарсы қызмет, инженерлік қызмет, сауда және тамақтандыру қызметі, ақпараттық қызмет бой түзегендердің қатарынан табылды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейірім Бақтыгереев мән-жәйді толығымен түсіндіргеннен кейін, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев барлық мекеме мен кәсіпорындардың төтенше жағдайға дайындықтарын тыңдап, әр іске жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Алдын алу дайындығы пысықталып, техникалар мен құрал-жабдықтар тексерілді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы