Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 5-2/1543-И «Өрт-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес бүгін оқу-жаттығу жиыны өтті.
Алдымен «Басқару органдары мен күштерін әзірлікке келтіру» функционалдық міндеттерді орындау бойынша басқару органдары мен АҚЖМ күштерінің іс-қимыл жоспарлары нақтыланған соң, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмарға төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейірім Бақтыгереев басқару органдарының бағынышты құрылымдар мен күштердің функционалдық міндеттерді орындауға дайындығы туралы баяндады.
Азаматтық қорғау қызметкерлері сапқа тұрғызылып, автокөлік жолдары мен көпір қызметі, қоғамдық тәртіп сақтау қызметі, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, хабарлау және байланыс қызметі, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, медициналық қызмет, радиациялық және химиялық қызмет, өртке қарсы қызмет, инженерлік қызмет, ақпараттық қызмет бой түзегендердің қатарынан табылды.
Барлық күштік құрылымдардың төтенше жағдайларға дайындығы тексеріліп, мән-жайына қаныққан соң, Табиғи өрттерді жою бойынша тартылған бөлімшелердің әрекеттерін «Төтенше жағдайларға ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқаруы және өзара іс-қимыл алгоритміне» сәйкес дала өртінің алдын алу жөнінде оқу-жаттығу пысықталды.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы