21.05.2020, 12:39
Оқылды: 44

Жаңақалада полицейлер марапатталды

Төтенше жағдай кезінде блокбекеттердің жұмысы күшейтілген болатын. Қауіпсіздік шараларының алдын алу, азаматтардың қозғалысын бақылау ережеге сай жүзеге асырылды. Осыған орай елімізде тараған індеттің алдын алу мақсатында ауданымыздың аумағында төрт жерге блокбекет қойылған еді. Онда өзге сала өкілдерімен бірге аудандық полиция қызметкерлері де тәулік бойы кезекшілік етіп, ел үшін тік тұрып қызмет атқарды.

951B8CBD-CCA2-42DD-AA1D-FC3B5E4DFA19

Жақында Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева  төтенше жағдай кезеңінде құқық тәртібін қамтамасыз етуде белсенділік танытқаны үшін полиция қызметкерлерін аудан басшысының алғысхатымен марапаттады.  

- Әлемде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажеттілігіне орай аудан аумағына енгізілген карантин кезінде халықтың тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицей қатары аз емес. Бүгін сіздерді марапаттай отырып, төтенше жағдай кезінде көрсеткен қайсарлығыңызды, батырлықтарыңызды атап өткім келеді. Өзінің қызметтік және азаматтық борышын адал орындаған барлық қызметкерлер алғыс пен марапаттауға лайық,-деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале