2.07.2026, 23:30
Оқылды: 2

Жаңақалада республикалық домбырашылар байқауы өтті

Күй анасы Дина Нұрпейісованың туған өлкесі — Жаңақала ауданында еліміздің әр өңірінен келген үміткерлер бақ сынаған «Әсем қоңыр» республикалық байқауы өтті.

InShot_20260703_003132260

Шара аясында белгілі қобызшы Ақнар Тәттібайқызы шеберлік сағатын өткізсе, қонақтар Көпжасар ауылындағы Дина мұражайымен танысты.

​Байқаудың екі кезеңінде қатысушылар Дина, Құрманғазы, Мәмен мен Оқаптың күрделі күйлерін орындап, Айтжан Тоқтаған бастаған қазылар алқасының сынынан өтті.

​Тартысты өнер бәйгесінің қорытындысында бас жүлде мен 500 мың теңгені оралдық Әділет Жолдығали иеленіп, байқаудың абсолютті жеңімпазы атанды. Бірінші орынды Бекнұр Әбдижәли (Қызылорда) мен Жұлдызай Кенгесбаева (Алматы) өзара бөлісті. Екінші орын Райымбек Тарихов, Дана Дидар, Қымбат Ғабдуллинаға бұйырса, үшінші орынды Сырым Шонбаев, Айша Жанайдқызы және Наргиза Касумова иеленді.

Басқа да үздік шыққан өнерпаздар арнайы ақшалай сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталды.

Айгерім Төлепова, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале