28.02.2023, 15:00
Оқылды: 14

Жаңақалада шағын футболдан турнир өтуде

Бүгін Жаңақала ауданында «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай шағын футболдан ерлер командалары арасында аудандық турнир өтуде.

жанкала 2

Сайыстың ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов пен «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысты.

жанакала

Одан әрі Данял Жұпмағанбетұлы сөз алып, барша командаларды Алғыс айту күнімен құттықтап, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық дәстүрлерді сақтап, жас ұрпақ саулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етуде еңбектері зор спортшыларға аудан әкімі Дархан Закариннің алғысхатын табыс етті.

Атап айтар болсақ, Маралбек Есенов, Жеңіс Қайырбеков, Тілекжан Төлегенов, Жанқабыл Қуанғалиев, Мереке Молдағалиев, Бекзат Кеңес, Нұрбол Қадыралиев сынды спортшылар аудан басшысының алғысхатымен марапатталды.

жанакала 1

Турнирге Мәстексай, Көпжасар, Пятимар, Бірлік ауылдық округтері, Жаңақала мектеп-гимназиясы, №3 ЖОББМ, Жаңақала ЖОББМ, Жаңақала колледжі, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, аудандық полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі, №16 өрт сөндіру бөлімі командалары қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанаты аяқталған соң, Пятимар мен Бірлік ауылдық округтері дүбірлі доданы бастап кетті.

Ала доп бәйгесінің қорытындысын газетіміздің алдағы санынан біле аласыздар!

Райхан Хамзина

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале