Бұл аудан бойынша тұрғындарының 54,8 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 2 млрд. 533 млн. теңгені құрайтын Жаңақала топтық су құбыры құрлысының жобасы жасақталған.
Облыс әкімі тікелей араласқан бұл жоба Үкіметтен қолдау тауып, 2017 жылы 550,0 млн теңге бөлінген. Тамыз айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қаржы толықтай игерілген. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы жалғасып, желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.
- 2017 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Пятимар, Бірлік, Мәстексай, Мұқыр ауылдарына ауыз су тарту мақсатында 1 109,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Пятимар, Бірлік ауылдық округтерінде құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілсе, ағымдағы жылы Мәстексай, Мұқыр ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталады. Құлшық жер асты су қойнауынан тартылатын ауыз су құбырының іске қосылуына байланысты Жаңақазан ауылындағы су құбырын қайта құрылатын болады. Жаңажол ауылында ауыз су құбыры құрылысы жүргізіледі. Сарыкөл ауылындағы ауыз су құбыры құрылысы басталады. Топтық су құбыры іске қосылғанда «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде ауданымызда 10 елді мекен таза ауыз сумен қамтылатын болады, -дейді аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин. Бұл айтылғандар іске асса аудан халқыныңы 82 пайызы ауыз сумен қамтылады.
zhaikpress.kz