Жаңақала ауданында кәсіпкерлік саласы, соның ішінде халыққа қызмет көрсету саласы жылдан-жылға дамып келеді. Осындай игі іс жалғасын тауып, аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсету бағытында «Техносила» жиһаз сауда үйі ашылды.
1977 жылы Жаңақала ауылында дүниеге келген Берік Кенжеғалиев өз бизнесін құрып, 2020 жылы жаңа сауда орталығын тұрғызып, өз жұмысын іске қосты.
Ауданымызда халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға атсалысқалы отырған жаңа ғимаратты жеке кәсіпкерлерге жалға беріп, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.
Бұл қуанышқа аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты.
Сауда үйінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы кәсіпкерді жаңа бастамасымен құттықтап, елдің игілігі жолындағы жасап жатқан істеріңіз оңынан болсын деген ақжарма тілегін білдірді.
Одан соң сауда үйінің иесі Берік Нариманұлы мен нысанның аға менеджері Самал Аманғалиева жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететінін тілге тиек етіп, келген көпшілікке алғысын білдірді. Ал Ақнұрлы Нұрғалиқызы мен Берік Нариманұлы салтанатты түрде лента қию рәсімін жасады. Тұрғындар дүкенді аралап көріп, таңдаулы тауарлардың алуан түрімен танысты. Дүкен иесін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz