22.09.2023, 23:23
Оқылды: 47

Жаңақалада тіл мерекесіне арналған мазмұнды шара өтті

Бүгін Жаңақалада аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен 5 қыркүйек тілдер мерекесіне орай "Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі" атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

20230922_112503 (1)

Шараға тілдерді дамыту және дене шынықтыру спорт бөлімінің басшысы Даниял Танзенов, "AMANAT" партиясының басшысы Талғат Жанболатұлы және ұстаздар мен оқушылар қатысты. Алдымен тіл саласында қызмет еткен мамандарға алғысхат табысталып, әрі қарай еркін тақырыпта сұрақ-жауаппен жалғасты. Кітапханашы Райгүл Даумқызы Мағжан Жұмабаевтың "Үш бақытым", мәдениет үйі қызметкері Перизат Мирамғалиқызы "Қазақ тілі" өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды.

20230922_164159

Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқушылары күймен күмбірлетті.

Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале