26.05.2024, 17:00
Оқылды: 1

Жаңақалада түлектер тартуы жалғасын тапты

Жаңақала ауданы орталығында 2014 жылы мектеп бітірген 1996 жылғы түлектердің жергілікті жастарға сыйға тартқан жастар спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. 

image-25-05-24-05-34

Қолданысқа берілген алаңға жұмсалған қаражат құны 2 миллион теңгені құрайды. Бұл алаң аудан әкімдігінің қолдауымен аталмыш мектеп түлектерінің өз қаражаттары мен еңбектерінің арқасында жасалған. Лента қию рәсімі аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен 10 жылдық түлектердің бірі - Дархан Кадировке ұсынылып, әрі қарай аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, өз алғысхатын табыс етті.

image-25-05-24-05-34-2

Сонымен қатар, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің түлектерінің бірі - Дулат Сарсенов сөз алып, ат салысқан барша ер азаматтар мен құрдастарына және аудан мен ауыл әкімдігіне өз алғысын білдірді. Сөз кезегі аталмыш білім ордасынан түлеп ұшқан түлектердің сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзал Аманжолұлына беріліп, игілікті істің басын қайтарып жүрген еңбекқор жігіттердің ұйымшылдықтарына тәнті болып, өз рахметін айтты.

image-25-05-24-05-34-1

Шара соңында барша қонақтар естелік суреттерге түсіп, алаңды айнала тамашалады.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале