Жақында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Әлихан Досмұхамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев Жуалыой, Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай ауылдарында болып, «Есіктен есікке»акциясын ұйымдастырды. Акция барысында үміткерлер тұрғындарымен жүздесіп, насихат жұмыстарын жүргізді.
- Сапар барысында ауыл тұрғындарының талап-тілектерін мұқият тыңдадық. Ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді атқарушы биліктің алдында көтеріп, оң шешімін табуы үшін барымызды сала жұмыстанатынымызды тілге тиек еттік, - дейді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әлихан Декартұлы.
Өз кезегінде олар депутаттыққа ұсынылғандағы мақсат-мүдделерін айтып, халықтың мұң-мұқтажын ескерусіз қалдырмай, билікке жеткізуді көздейтіндіктерін түсіндірді. Басты партияның болашағы зор екенін алға тартып, ауыл тұрғындарын сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.
Ақсұңқар Сәдір,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz