9.12.2023, 16:00
Оқылды: 11

Жаңақалада волейболдан аудандық жарыс басталды 

Бүгін Жаңақала ауданында “Интергаз Орталық Азия” АҚ-ның 25 жылдығына және Жаңақала желілік өндірістік басқармасының 55 жылдығына арналған мекемелер арасындағы волейболдан аудандық жарыстың ашылу салтанаты өтуде.

IMG-20231209-WA0104

Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев және Орал Магистральдық Газ Құбырлар басқармасы филиалының директоры Абай Мұхтарұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы топтарға сәттілік тіледі. 1978-1990 жылдар аралығында волейбол ойнап, жүлделі жетістіктерге жеткен ардагерлер де бой көрсетіп, Орал қаласынан арнайы келіп отырған ардагеріміз Меңдешов Ерболат ​ жүрекжарды лебізін жеткізіп, өз заманындағы ойындардың қызығын айтты. ​

Қуаныш Айдарбеков “Жерім менің” әнімен қатысушыларға керемет көңіл сыйлап, рухтандырып қойды.

IMG-20231209-WA0103

Аталмыш жарыста 10 команда төбе көрсетті. ​ 2 топқа бөлінген бұл командалар ​ Жаңақала мектеп гимназиясының спорт залында және “Jastar” спорт клубының спорт залында бақ сынайтын болады.

Ақерке Мәлікқызы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале