24.12.2024, 18:10
Оқылды: 20

Жаңақалада халық қалаулылары марапатталды

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толды. Бұл мерзім жергілікті тиімді басқару жүйесінің қалыптасу кезеңіне айналды.

IMG_4084

Халық қалаулылары елмен бірге демократияны нығайтуда және аймақтық экономиканы дамытуда маңызды рөл атқара отырып, даму мен дағдарыс кезеңдерін бастан өткерді. Атаулы мерейтойға орай бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.

Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, төрағасы Қамбар Қаменов, мәслихатардагерлері, 2012-2016 жылдары мәслихат хатшысы болған ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Закария Сисенғали, 2021-2022 жылы аталмыш лауазымды абыроймен атқарған Серік Жәрдемалиев, әр шақырылым депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

IMG_4066

Алдымен Алпамыс Жаңабайұлы мерекелік құттықтауын жолдап, депутат халық пен билік арасындағы ықпалдастық көпір екенін жеткізіп, қоғамның өзегінде қайнап жатқан өткір мәселелерді шешуде үлестері барын айтып өтті.  

Одан соң Закария Сисенғали сөз алып, аудан мәслихатының қазіргі жұмысына оң бағасын беріп, тілегін жолдады. Сондай-ақ шара барысында халық қалаулылары марапат төрінен орын алды.

Тоқтала кетсек, Батыс Қазақстан облыстық төрағасының  алғысхатымен Закария Жүсіпқалиұлы, Серік Жүсіпбекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Құрмет грамотасымен Руслан Уразалиев, алғысхатымен  Зара Жәрдемова, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің алғысхатымен Қобылан Мұқамбетов,  Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен Саламат Сертеков, алғысхатымен Дәурен Жағыпаров, Қазақстан Республикасы депутаттары бірлестігінің Құрмет грамотасымен Асхат Мағзомов, Марс Жұмалиев, Жасұлан Жақсымбетов, Әділет Сағынов, Айбек Тасанов,Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен Бегайым Есенғалиева мен Батыс Қазақстан облыстық төрағасының алғысхатымен Азамат Бақиев марапатталды.

IMG_4061

Жиын соңында:

– Мәслихат депутаттарының халықтың бірлігін, бейбітшілік пен келісімді сақтауда рөлдері зор. Депутат болу – мансап емес, өзінің негізгі жұмысымен қоса қалың бұқараның мұң-мұқтажын билік өкілдеріне жеткізу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Еліміздің бірлігін бекемдеп, ынтымағын найғайту – басты парызымыз, - деді мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале