18.06.2020, 12:44
Оқылды: 43

Жаңақалада жаңа тротуар салынуда

Жаңақала ауданы орталығындағы халық көп жүретін негізгі көшелерге жаяу жүргінші жолын салу – көптен көтеріліп келе жатқан мәселе. Тротуар болмағандығынан көп жандар лайсаң арасынан аяқ басар жерді іздеумен әлек болатын. Біз мұны өткен жылы газет бетінде де қаузадық. «Ештен кеш жақсы» демекші, бұл түйткіл де биыл өз шешімін тапты.

Trotuar (1)

– Жергілікті бюджет қаржысына «БҚО Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылындағы Айтқұлов көшесінен Д.Нұрпейісова көшесінің қиылысына дейінгі, Халықтар Достығы көшесінен И.Тайманов көшесінің қиылысына дейінгі, И.Тайманов көшесінен 1 мамыр көшесінің қиылысына дейінгі тротуар құрылысының» жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Жоба бойынша салынатын жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 1 шақырым 321 метрді құрайды. Жоба құны 28609000 теңге. Аталған жоба аясында 3 әлеуметтік нысан, орталық базар көшесінен өтетіндіктен көптеген сауда-саттық орындары, 1 дөңгелек жөндеу орны, 1 сұлулық салоны, 1 банк қызметкерлері мен тұтынушылары қатқыл табанды тротуарлармен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жоспарланған көшелерде 100-ге жуық тұрғын үй орналасқан. Құрылыс жоспарланған көшелер Жаңақала ауылының орталық көшелері болып табылады. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Маусым айының соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Құрылысты «Жайық Сити» ЖШС жүргізуде, – дейді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылбек Сұрамысұлы.

Trotuar (2)

Trotuar (3)

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале