12.02.2025, 18:00
Оқылды: 308

Жаңақалада жанұядағы «әке рөлі» талқыланған жиын өтті

Бүгін Рухани орталық ғимаратында аудандық Аналар кеңесі және Әжелер алқасының ұйымдастыруымен  «Әке – тәрбие тамыры» атты жиналыс өтті.

928b6871-e179-460b-9d33-2e5d4a222253

Сөз алған Аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Сапарова ауданға танымал үлгілі отбасыларды таныстыра келе, жанұядағы әке мен бала рөліне жетік тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы ақсап тұрған мәселенің бірі – бала тәрбиесіне де түсінік жүргізді.

7bdee937-13e0-4758-9254-3941f913107c

Әрі қарай, №16 өрт сөндіру бекетінің басшысы Еркебұлан Нұғманов пен Жаңақала ауданы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Ердәулет Бисенғалиев ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, отбасыдағы әке тәрбиесінің маңыздылығы мен шаңырақтағы жеңіл мәсеселер жөнінде баяндады.

5bf199f8-d0b6-4341-a45a-2221b465d49c

Сонымен қатар, күн-түн деп дамыл таппастан еңбек етіп жұрген әскери қызметтің кейбір сәттерінде отбасыларына көңіл бөлуге үлгермейтіндерін де жасырмады. Ардагер ұстаз, аудандық медиатор Апақаева Рая жиынға уақыт бөліп қатысқан ерлер қауымына алғысын білдіріп, өршіп тұрған сауалдың бірі – ажырасу мен келіспеушілікті атап өтті. Сондай-ақ, бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербетіп жүрген ақ жаулықты аналарымызды да таныстыруды ұмытпады.

09cc877e-5032-4dfe-95a2-b1ecdaef0a09

Жеке кәсіпкер (ИП «Азалия»)  Динара Жұматаева мен тігінші Зарина Даумова дайындаған туындыларын көпшілікке ұсынды. Бірі тәтті бәліштер мен дәмі тіл үйірер тоқаштарға қызықса, енді бірі қазіргі сән үлгісіндегі жастықтар мен сан алуан керамикалық ыдыстарға көздері түсті. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, көңілді тарқасты.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале